Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік Reno Duster жүргізушісі 5 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбе облысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда Темір ауданының Шұбарқұдық кентінің жанындағы “Ақтөбе-Астрахань” автожолының 189 шақырымындағы Рено Дастер автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Темір ауданының 47 жастағы тұрғынының басқаруындағы Камаз-53212 жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Рено Дастер автокөлігінің 42 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды және екі жолаушы Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Тексеру барысында полицейлер Рено жүргізушісінің өткен жылдың басында мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру