Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоладағы колонияда аспаздар байқауы өтті

Ақмоладағы колонияда сотталғандар арасында аспаздар байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЕС-166/25 мекемесінде кәсіби агротехникалық колледжінің бөлімінде WorldSkils Kazakhstan аясында “Аспаздық” мамандығы бойынша сотталған-студенттер арасында байқау өтті. Сайыскерлер екі топқа бөлінді: “Бас аспасшы” және “Жақсы аспаз”. Олар екі модуль бойынша жұмыс істеді.

Технологиялық картамен қаруланған сотталған-студенттер тапсырманы талапқа сай және осыған бөлінген уақытты мүлтіксіз орындады. Олар көкөністерді кесуде барлық шеберліктерін көрсетті, қауіпсіздік шараларын сақтады, ең соңында жұмыс орнын жинады. Дәмді таңдауды және дәмдеуіштерді дәміне қарай пайдалануды, бәсекеге қабілетті тағамдарды дәміне қарай ескере отырып, әр команда ерекшеленді. Сайыс тапсырмаларының қорытындысы бойынша тауықтың төс етін көкөністермен бұқтыру арқылы дайындап, “Бас аспасшы” командасы жеңіске жетті.

Жалпы, екі команда да жақсы дайындады.

– Екі ұжым да тапсырманы өте жақсы атқарды. Біздің жұмысымызды көріп, сотталғандарды әлеуметтендіруге қосқан үлесіміз екенін түсінгеніміз қуантады, – дейді кәсіптік колледжінің бөлім меңгерушісі Айгүл Бейсембаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру