Ақмолалық бикеш ұрланған көлікпен бағанаға соғылған
Степногрск қаласында біреудің көлігін ұрлап кеткен жергілікті тұрғын ұсталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғынның көлігін ұрлап кету жайында өтініші келіп түскен. 9 маусым күні кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 5-ке дейін белгісіз адам оған тиесілі Toyota Windom автокөлігін үйдің ауласынан айдап кеткен.
Залал сомасы 3,5 млн теңгені құрады.
Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдіктінің айтуынша, мас күйінде үйге келе жатқанда, ол көп қабатты үйдің аулаларының бірінде тұрақта тұрған көлікті байқаған. Кілт тұтану қосқышында болған.
Нәтижесінде басқа біреудің көлігін басқара отырып, әйел рөлге ие бола алмай қалып, бағанаға соғылған. Тергеу жүргізіліп жатыр.