Ақмолалық оқушылардың қауіпсіздігін ПД бастығы тексеріп шықты
Ақмолалық оқушылардың қауіпсіздігін облыстық ПД бастығы тексеріп шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Білім күні қарсаңында Ақмола облысының бас полицейі Көкшетаудағы бірқатар жалпы білім беру мекемелерінде болып қайтты.
Думан Таев мектептердің бейнебақылау камераларымен жабдықталуын, бақылау-өткізу режимінің жүзеге асырылуын, сондай-ақ оқу орындарының жанындағы аумақты тиісті жол белгілерінің, көрсеткіштердің және жасанды кедергілердің болуын тексерді.
Ақмола полициясының басшысы оқу орындарының басшыларымен әңгімелесіп, ювеналды полиция қызметкерлерімен педагогтардың жұмысы қалай қойылғанын сұрады. Думан Таев балалардың жолдардағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.
Айта кету керек, облыс орталығының 29 мектебінде 1130 бейнебақылау камерасы орнатылған, олар Көкшетау қаласы ПБ ЖБО-ға шығарылды. Полиция департаментінің қызметкерлері оқу орындарының қабырғасында да, одан тыс жерлерде де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде. Ақмолалық полицейлер оқу орындарына іргелес жатқан аумақтарға 490 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 130 жол белгілері, 14 жаяу жүргіншілер өткелі, 12 жасанды кедергілер орнатылды.№21 мектеп-лицейінде бас ақмолалық полицей дабыл батырмасын тексеру мақсатында оны басып тексерді. Күзет компаниясының қызметкерлері мектепке уақытында келіп жетті. Күзет ұйымдарының пультіне шығатын дабыл түймелері облыстың 271 мектебінде орнатылып, оның 269-ы кезекші бөлімдерге шығарылды.