Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицей қабаған алабай итін шынжырлап қойды

Ақмола учаскелік полиция қызметкері Талапкер ауылының тұрғындарын алабайдың шабуылынан сақтап қалды. Ит байланған тым ұзын шынжыр қайғылы оқиғаға әкеп соғар еді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйекте учаскелік полиция инспекторы Нұрболат Мұқамедия мен көмекшісі Замирбек Сейтеновке алабай тұқымды иттің кішкентай балаға шабуыл жасау фактісі бойынша жергілікті тұрғындардың бірінен өтініш келіп түсті. Бірнеше минуттан кейін полиция аталған мекенжайға келіп, кешкі уақытта анасымен бірге тротуарда жүрген кішкентай қызға көрші ит шабуыл жасағанын анықтады. Бақытқа орай, әйелдің уақтылы реакциясы баланың зардап шекпеуіне ықпал етті, алайда бүлдіршін қатты қорқып қалған.

Белгілі болғандай, жануардың иесі итті ұзындығы шамамен 4-5 метрді құрайтын шынжырға байлап кеткен. Алабайдың сыртқа шығып кету қаупі жоғары болды.

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін учаскелік инспектор Н.Мұқамедия ит байланған шынжырды өздігінше қысқартқан. Полицейлер қабаған алабайдың назарын 30 минут бойы қолда бар барлық құралдармен аударып тұрған. Аса сақтықпен әрекет ете отырып, тәртіп сақшылары шынжырды ауланың қашықтығына дейін қысқартып, ықтимал жазатайым оқиғалардың алдын алды.

ВИДЕО МҰНДА

Өз кезегінде ауыл тұрғындары полицияға немқұрайлы қарамағаны және үндеуге уақытылы жауап бергені үшін алғыстарын білдірді. Иесі келгеннен кейін оны иттерді ұстау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру