Ақмолалық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді
Ақмолалық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 шілде күні «Учаске” ЖПІШ өткізу барысында Қорғалжын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қоржынкөл бөлімшесінің кәсіпорындарының бірінде 65 жастағы шетелдік азаматты құжаттарсыз анықтады.
Базаны тексеру кезінде ер адамның РФ ҚК-нің 159-бабы 4-бөлігі (Ұйымдасқан топ жасаған алаяқтық немесе өте үлкен мөлшерде немесе азаматтың тұрғын үй құқығынан айыруға әкеп соқтырған алаяқтық) бойынша мемлекетаралық іздеуде екендігі анықталды.
Іздеудің бастамашысы Ресей ІІМ Екатеринбург қаласы бойынша басқармасы.
Криминалдық полиция бөлімшелерінің қырағылығының арқасында мемлекетаралық іздеуде жүрген адам Қорғалжын ауданының ПБ-ға жеткізілді. Полиция бөлімінің тергеушілері іздеу бастамашысына хабарласып, іздеушінің ұсталғаны туралы хабарлады.