Ақмолалық полицейлер дәріханадан терминалды ұрлаған азаматты ұстады
Ақмолалық полицейлер дәріханадан терминалды ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты.18 маусым күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны ұрлық туралы арызбен жүгінді. Белгісіз адам қаладағы дәріханалардың бірінен еркін қол жеткізу арқылы POS-терминалды ұрлап кеткені анықталды.
Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады. Заттай дәлелдеме, терминал тәркіленді.