Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ГАЗель көлігінен ұрланған мүлікті тапты

Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған заттары бар ГАЗель көлігін автожолда ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуірде сағат 02.05-те Ерейментау АПБ арнайы желісіне автомобиль жолдарын басқару жөніндегі кәсіпорын өкілінен телефон хабарламасы келіп түсті.

Ер адам Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті автожолының 86 шақырымында белгісіз тұлғалар қар ұстайтын ағаш қалқандардың 14 данасын ұрлап әкеткені және автожолдың осы аймағында тұрақтап тұрған ГАЗель автокөлігін көргенін хабарлады.

Автокөлікті тауып, қаскүнемдерді қолға түсіру үшін оқиға орнына дереу Ерейментау және Целиноград АПБ патрульдік полициясы ротасының экипаждары жіберілді.

“Бақай 7П-1” патрульдік полициясы экипажының қызметкерлері Ернат Мұратов, Еркебулат Нұрлыбеков, «Бақай 7П-2» экипажының сақшылары Акімбай Нұрмахан және Асет Ахметовтың кәсіби шеберлігі мен жеделдігінің арқасында Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті автожолының 88 шақырымында ұрланған тауары бар көлік ұсталды.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. Айғақты заттар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру