Ақмолалық полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады
Ақмолалық полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусымда сағат 03:50 шамасында Көкшетау-Рузаевка автожолының 6 км жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру кезінде «Тұлпар 529» автопатруль экипажымен 25 жастағы көкшетаулықтың басқаруымен Mazda626 автокөлігі тоқтатылды.
Жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезген полиция қызметкерлері А.Сатыболдинов пен Т. Бажиров оны көлік құралын басқарудан шеттетіп, медициналық куәландырудан өтуді ұсынды.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, жүргізуші «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған.
Деректер базасы бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың осы жылдың қаңтар айында 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік қазіргі уақытта айып тұрағына қойылды.
ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.