Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер мен құтқарушылар түтінге оранған үйден 56 адамды эвакуациялады

Ақмолалық полицейлер мен құтқарушылар түтінге оранған үйден 56 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтарда сағат 22:15-те полицияға “101” қызметінің диспетчерінен “Центральный” шағынауданындағы пәтерлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Өрт шыққан пәтерде қарт әйел тұрғаны белгілі болды.

Оқиға орнына дереу келген полицейлер тұрғындарды эвакуациялай бастады. Көкшетау қалалық ПБ ППБ “Әскер-5”, “Әскер-8”, жаяу Патруль-882 қызметкерлері, сондай-ақ № 8 полиция пунктінің учаскелік инспекторлары көппәтерлі үйден 56 адамды эвакуациялады.

Полиция қызметкерлері пәтердің әр есігін қағып, азаматтарды пәтерден кету қажеттілігі туралы хабардар етті және адамдарға көшеге шығуға көмектесті. Алаңдағы пәтерлердің бірінде мүгедектігі бар ер адамды полицейлер мен құтқарушылар арбада алып шықты.

Сондай-ақ, жедел эвакуациялау үшін полиция қызметкерлері жас балаларды қолдарына көтеріп алып шықты. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың уақтылы әрекеттерінің нәтижесінде үйдің барлық тұрғындары, соның ішінде қарттар мен балалар эвакуацияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру