Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында браконьерлерден 200 келі балық тәркіленді

Қарағанды облысында браконьерлерден 200 келі балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтар күні Ақтоғай аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының полицейлерімен Балқаш көлінің аумағында заңсыз балық аулаудың алдын алуға байланысты рейдтік іс-шаралар өткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлерімен сағат 18.30 шамасында су қоймасының аумағында жүрген автокөлік назарға ілінген. Күдік тудырған автокөлік полиция қызметкерлерімен 38 жастағы Алматы облысы тұрғынының басқаруында тоқтатылды.

Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктен балық аулау құралдарымен 200 келі жаңадан ауланған балықтар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 961 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Терегеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру