Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Тұрмыс” іс-шарасы барысында 300-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Тұрмыс” іс-шарасы барысында 300-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты жою мақсатында 24 қаңтардан бастап “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Іс-шара барысында ІІО есебінде тұрған 3 171 адам мекенжайы бойынша тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Отбасы тұрмыста құқық бұзғаны үшін 201 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған, ал 11 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Маскүнем санатымен – 29, нашақор санатымен – 12, жайсыз отбасы санатымен 14 адам есепке алынды.

Сондай-ақ, барлығы 326 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша – 13, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) – 15 жайт тіркелген. Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша – 112, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 173, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша – 9, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша – төрт адам анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру