Шымкентте 4 мыңға жуық жол белгілері орнатылады
Шымкентте төрт мыңға жуық жол белгілері орнатылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының автокөлік жолдары 2060 шақырымды құрайды. Жол қозғалысын реттейтін 281 сигналды бағдаршам, 12 мың жол белгілері және 33 мың метр квадраттан астам жол таңбалары сызылған.
Қала әкімімен бекітілген автокөлік жолдарында орнатылған жол белгілері мен құралдарды күтіп ұстау құқықтары мен міндеттері бойынша Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жұмыс жасайды.
Мегаполисте жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы жылға төрт мыңға жуық жол белгілері, бір шақырым жасанды жол кедергілері, 15 сигналды бағдаршам, 10 белсенді жаяу жүргіншілер жолағын орнату жоспарға енгізілген. Сондай-ақ, 295 шақырым ішкі орам көшелері мен алты магистралды көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдар мен желілердің жәй-күйі ұдайы түрде тексеріледі.