Ақмолалық полицейлер ресейлік әріптестерімен іздеудегі қылмыскерді анықтады
Ақмолалық полицейлер ресейлік әріптестерімен іздеудегі қылмыскерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Заңсыз келуші-2021» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Набережные Челны қаласы бойынша Ресей Федерациясының Орталық ішкі істер министрлігі іздеген қылмыскерді анықтап, ұстады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша, сонымен қатар Есіл және Зеренді аудандарында тағы екі қылмыскер ұсталды.Үш күн ішінде өңір аумағында халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 283 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша – 165, қабылдаушы тараптың 102 азаматы, құқықбұзушыларға шетелдіктерге тұрғын үй бергені және келген шетелдіктер туралы уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып, тартқаны үшін 16 жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. ҚР ҚК 394-бабы бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
Ақмола облысының аумағында «Заңсыз келуші-2021» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге 83 мобильді топ құрылды, жеке құрамның 302 қызметкері жұмылдырылды, оның ішінде криминалдық полиция, көші-қон қызметінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, патрульдік қызметтің қызметкерлері және т.б.