Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ пенитенциарлық жүйені реформалауды халықаралық сарапшылармен талқылады

ІІМ пенитенциарлық жүйені реформалауды халықаралық сарапшылармен талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі заманғы пенитенциарлық жүйенің жай-күйі туралы мәселелерді Ішкі істер министрлігінің өкілдері, парламент депутаттары, заңгерлер, қазақстандық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ құқықорғаушылар “Жаңа заманға сай пенитенциарлық жүйе” Халықаралық онлайн-форумында кеңінен талқылады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан форумның жұмысына 150-ге жуық адам қатысуда. Олардың ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық адам құқықтары саласындағы сарапшылармен қатар, Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларус елдерінің дипломатиялық миссиялары мен халыралық ұйыдарының басшылары бар.

Министр аталған шараның тиімділігін атап өтіп, 2019 жылы өткізілген Форум осы диалогтың негізін қалағанын, оның нәтижелері бойынша ұлттық заңнамалық актілерге сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту және оларды ұстау жағдайларын жетілдіру бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлады.  

Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту қоғамның құқық қорғау саласындағы ең өзекті сұраныстарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

– ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Президент отандық пенитенциарлық жүйенің жағдайын жақсарту қажеттігі туралы мәлімдеді. Ал министрлікқылмыстық-атқару жүйесінің проблемаларын шешуде нақты нәтижелерді көрсетуі тиіс, – дейді министр Мемлекет басшысының сөзіне сілтеме жасай отырып.

Осыған байланысты, ІІМ аталған барлықреформалардың басым мақсаты ретінде бірінші кезекте, адам құқықтарының сақталуын, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуды, олардың жұмыспен қамтылуын дамытуды, пенитенциарлық инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғыртуды айқындады.


Сотталғандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету,
заңбұзушылықтардың алдын алу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,ІІМ пенитенциарлық мекемелерді жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Е.Тұрғымбаев сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциясын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы хабарлады.

– Бұл тексеру, диагностика және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне неғұрлым кең қол жеткізуге мүмкіндік береді және медицина қызметкерлеріне мекемелердің әкімшілігінен тәуелсіз қызмет ететін болады, бұл өз кезегінде заңсыз әрекеттердің ықтимал фактілерін жасыруды жояды, – дейді министр.

Бұдан басқа, ІІМ сотталғанды тұрғылықты жері бойынша колонияға ауыстыру рәсімін заңнамалық түрде жеңілдетті (оң мінез-құлық туралы талаптар алынып тасталды); дәрі-дәрмектерді беруге шектеулер жойылды; науқастануы бойынша босату туралы өтініштерді қарау мерзімдері төмендетілді; өтініштерді электрондық түрде жіберу құқығы берілді.

Ұстау жағдайларын жақсарту бөлігінде ағымдағы жылдың ақпан айында сотталғандардың тамақтану нормалары 40%-ға, сәлемдемелер мен сауқаттардыңрұқсат етілген салмағы үштен бірге артты. Өзімен бірге алып жүруге, сәлемдемелерде алуға және сатып алуға рұқсат етілетін заттардың тізбесі кеңейтілді. Өткен жылдан бастап колонияларда “электрондық дүкендер”енгізіле бастады. Сондай-ақ кездесулер саны артты.

Министр атап өткендей, тағы бір маңызды мәселе-бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды жұмыспен қамту. Жұмысқа орналастырылған сотталғандардың саны өткен жылдан бастап 38%-дан 49%-ға дейін артты. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді, сонымен қатар жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды төлеуге және отбасына жіберіп отыруғамүмкіндік береді.

Өз кезегінде, халықаралық сарапшылар аталған бастамаларды толығымен қолдап, халықаралық тәжірибе алмасу бойынша ұсыныс жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру