Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері комбайнның қосалқы бөлшектерін ұрлаған екеуді ұстады

Түркістан облысының полицейлері комбайнның қосалқы бөлшектерін ұрлаған екеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, таңғы сағат 04:00 шамасында өзінің үйінің ауласында тұрған комбайнының түрлі бөлшектерін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 60 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Қазығұрт АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Бейнебақылау камералары тексерілді. Соның нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктілердің автокөлігі түсіп қалған бейнежазбаны табады. Осы арқылы небары 3 сағат ішінде күдікті екеу ұсталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтардың бас шарасы қолхатта.Белгілі болғандай күдіктілер алдын-ала өз ара сөз байласқан. Оңай жолмен ақша табуды көздеген екеуі күн батысымен ауыл ішіне кіріп, тұрғындардың қалың ұйқыға кетуін күткен. Содан соң арам ойларын іске асырып, комбайнның қосалқы бөлшектерін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша қолды еткен бөлшектердің барлығын темір алатын орынға алып барып, өткізіп жіберген.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Үйлеріңізге, дүкендеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру