Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанның қылмыстық-атқару заңнамасына Нельсон Манделаның 20 ережесін енгізуді ұсынады

Қазақстанның қылмыстық-атқару заңнамасына Нельсон Манделаның 20 ережесін енгізуді ұсынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы бүгін “Жаңа заманға сай пенитенциарлық жүйе” халықаралық онлайн-форумы алаңында ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев хабарлады.
Әділет генерал-майорының айтуынша, пенитенциарлық жүйені жаңғыртуға қарамастан, тәжірибе халықаралық шарттық нормаларды имплементациялау тұрғысынан қылмыстық-атқару заңнамасына неғұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажеттігін көрсетті.

Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира мен Ішкі істер министрінің бастамасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы іске қосылды.

– Біріккен Ұлттар Ұйымының сотталғандармен қарым-қатынас жасауға қатысты ең төменгі стандарттық ережелерінің (Мандела ережелері) Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында, атап айтқанда пенитенциарлық жүйеде ұсынымдардың болуын анықтау мақсатында жұмыс тобы егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар анықталды (20 МЕ бойынша), олар бойынша ҚР Қылмыстық-атқару заңнамасында ескерілмеген немесе жеткілікті регламенттелмеген, – деп атап өтті Аюбаев.

Сонымен қатар, бірқатар түзетулер дайындалып, мемлекеттік органдармен алдын ала келісілді, онда 2019 жылғы форум шеңберінде келіп түскен ұсыныстар да ескерілді (“Ашық диалог – пенитенциарлық жүйені реформалау құралы”). Олар ауыр науқастану кезінде жазаны өтеуді кейінге қалдыруды, ауыр науқастану салдарынан босату туралы соттардың қаулыларын дереу орындауды, сотталған адамды ауыстыру кезінде прокуратураны міндетті түрде хабардар етуді, бір жыл ішінде босатылған жағдайда баланың анасымен бірге болу мерзімін ұзартуды және басқаларды көздейді.

Форум Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен және Мемлекеттік органдардың өкілдері, Адам құқықтары саласындағы ұлттық сарапшылар, сондай-ақ Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларусьтің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдарының басшыларынан тұратын шамамен 150 адамның қатысуымен өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру