Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мал ұрлығын ашу деңгейі артты

СҚО-да мал ұрлығын ашу деңгейі артты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мал ұрлығын ашу деңгейінің артқанын атап өтті. 2020 жылғы 6 айдың ішінде ашу деңгейі 66,7 % болса, осы жылы 88,9 % жеткен. Бұл малды еркін жайылымда бағудан бас тарту нәтижесінде мүмкін болып отыр, себебі еркін жайылым мал ұрыларына қолайлы жағдай жасайды. Малдың еркін бағылуын болдырмау және ол үшін көзделген әкімшілік жаза туралы полицейлер ауыл тұрғындарын халықпен кездесулер өткізген кезде, жергілікті баспасөзде және әлеуметтік желілерде жарияланатын басылымдарда ескертуде, сондай-ақ ақпараттық баннерлер орналастырады. Облыста қаңғып жүретін мал үшін 230 арнайы қамау орны ұйымдастырылды, бұнда емін-еркін қараусыз бағылып жүрген мал қамалады. Жыл басынан ауыл шаруашылық жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша 1162 хаттама толтырылды, “айыптұрақтарға” 2996 мал қамалды.

– Мал ұрлығының саны азайды, ашу деңгейі артты: енді қылмыскерлерге ауыл шаруашылық жануарларға қол жеткізу қиындады, мал иелері жоғалған малды жылдам байқайтын болды, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. – Бұл бұндай қылмыстарды болдырмауға және жылдам ашуға ықпал етеді. Ұдайы негізде жүргізілетін алдын алу жұмысы және мал иелерінің қырағылығы – мал ұрыларынан тиімді сақтану жолы.

Сондай-ақ, полицейлер қаңғып жүретін мал егінге түсетін болса, иелері жауапқа тартылатыны туралы ескертеді. Жыл басынан облыста осындай 38 факті тіркелді. Бұдан бөлек, қараусыз жүрген мал жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін. Өткен жылы осындай жол-көлік оқиғаларының кесірінен адамдар қаза тапқан болатын. Полицейлер ауыл тұрғындарын заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі және малдың еркін бағылуына жол бермеу туралы ескертеді.

Жыл басынан облыста 15 мал ұрлығы жасалған, оның 8-і еркін жайылымда орын алған. Бүгінгі таңда 13 мал ұрлығы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру