Ақмолалық полицейлер тағы бір ұрлықтың бетін ашты
Ақмолалық полицейлер тағы бір ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 тамызда Егіндікөл АПБ-не өңірдегі ЖШС-ның бірінің басшысынан өтініш келіп түсті. Ер адам 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың 28 шілдесіне дейін кәсіпорынның ангар бөлмесінен белгісіз тұлғалар John-Deere комбайндарының 5 стартері мен 15 борттық компьютерін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 2 млн 216 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері екі күдіктіні анықтады, олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған Астрахан және Егіндікөл аудандарының 32 және 35 жастағы тұрғындары болып шықты.
Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер заттай дәлелдемелердің бір бөлігін өткізіп үлгерген, бір бөлігі тәркіленді.