Ақмолалық полицейлер жалғызбасты зейнеткерден ақша ұрлаған бикешті анықтады
Ақмолалық полицейлер жалғызбасты зейнеткерден ақша ұрлаған бикешті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 тамыз күні сағат 18:55-те Ақкөл аудандық полиция кезекші бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғыннан 3-8 тамыз аралығында белгісіз адам еркін қол жеткізу арқылы үйден 450 мың теңге сомасында ақша ұрлап кеткендігі туралы арыз келіп түсті.
Аталған деркке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы саусақ іздерін алып, мүмкін деген куәгерлерден сұрақ-жауап алды.
Полиция қызметкерлері әже үйде жалғыз тұратынын, көршісімен тығыз достық қарым-қатынаста болғанын және ол оған жиі сөйлесуге келіп тұратынын анықтаған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер 43 жастағы әйелді анықтады. Қазіргі уақытта оның қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.