Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ЖКО болған жерден жасырынуға тырысқан мас жүргізушіні ұстады

Ақмолалық полицейлер ЖКО болған жерден жасырынуға тырысқан мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусымда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Петропавл-Нұр-Сұлтан автожолының 272 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ДП – «Тұлпар 10» экипажы Volkswagen Passat автокөлігін тапты. Шетелдік көліктің жолаушылары Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі жол апатынан кейін Щучинск қаласы бағытына кеткенін хабарлады. Апат болған жерден 3 шақырым қашықтықта ПД БПП қызметкерлері Рыспек Сәбитов пен Геннадий Крикуха Нұр-Сұлтан қаласының 28 жастағы тұрғынының басқаруымен Chevrolet автокөлігін тоқтатты.

Тесілген дөңгелекпен ол жасырынуға тырысқан. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған. Деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл азаматтың 2019 жылы 3 жыл мерзімге басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, автокөліктерге механикалық зақым келген.

Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі Бурабай ауданының ПБ УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру