Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер жолда өзін жайсыз сезінген жүргізушіге көмектесті

Ақмолалық полицейлер жолда өзін жайсыз сезінген жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілдеде сағат 13:00 шамасында Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолында Nissan Maxima автокөлігінің жүргізушісі кенеттен ауырып қалды: ер адамның ұстама ұстап, құрысып, есін жоғалта бастады. Жүргізушінің артында отырған азаматша оны өзіне келтіруге тырысты, ал екіншісі 102 пультіне қоңырау шалды. Жолаушылар тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Бурабай ауданы ПБ ЖБО қызметкерлері «Тұлпар 9» автопатрулінің экипажына болған жағдай туралы ақпаратты беріп, жолаушылармен байланыста болып, оларды тыныштандыруға тырысты.

Полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайда авариялық сигналды қосып, жылдамдықты төмендетуге және көлікті тоқтатуға тырысу керектігін түсіндірді. Жүргізушінің жанында отырған ер адам рөлді өз қолына алып, бәрі ойдағыдай аяқталды. Жүргізуші өзін жақсы сезіне бастап, көлікті тоқтатты.

ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік жүргізушісін Бұланды ауданына жақын маңдағы ауруханаға жеткізіп, оған көмек көрсетті. Ал шетелдік көліктің жолаушыларын вокзалға жеткізіп, олар сол жерден үйге елордаға кетті.

Елорда тұрғыны осы күні кезекшілік еткен ЖБО қызметкерлеріне, атап айтқанда бейнебақылау инспекторы Бекжан Оспановқа, сондай-ақ полиция қызметкерлері Үмбетов Қуаныш пен Жабин Нұржанға көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру