Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер жыл басынан бері 300 үй тиранын жауапқа тартты

Ақмола облысының аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашадан бастап бүкіл республика аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталады, акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

16 күн ішінде полицейлер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша күш-жігерді шоғырландырады.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының тұрақты назарындағы отбасыларды тексереді.

Жалпы, жылдың басынан бері тұрмыстағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін Ақмола полицейлері 900-ден астам құқық бұзушыны, оның ішінде 300 үй тиранын әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 800-ден астам әкімшілік хаттама жасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру