Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Транзит” шарасы: СҚО-да арнайы тұраққа 25 көлік қойылды

СҚО әкімшілік полицейлері көлікті тіркеу мәселесі жөніндегі “қауырт” желінің телефонындарын еске салуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында “Транзит” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шараның мақсаты – жол-көлік жарақатын азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ел аумағына заңсыз әкелінген шетелдік автокөліктерді анықтау.

“Транзит” іс-шарасына бірнеше бөліністің қызметкерлері жұмылдырылды. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, жуырда арнайы брошюра әзірленді, оны кезекшілікке түскен патрульдік полицейлер алып, кезекшілік атқару барысында оларды жүргізушілерге үлестіреді. Жадынамаларда шетелден әкелінген автокөлікті тіркеуге қатысты негізгі түсініктер көрсетілген. Айта кететін болсақ, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап СҚО-да Армения Республикасынан әкелінген 450 астам автокөлік тіркелді.

Бұл жұмыс Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге де қатысты жүргізілуде. Полицейлер бүгінгі таңда Ресейде заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қандай да бір өзгертулер жоқ екендігін атап өтті. Жүргізуші куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, сақтандыру полисі мен техникалық байқаудан өту туралы диагностикалық карта болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында көлікті пайдалануға тыйым салынбайды. Құқық белгілейтін құжаттар болмаса, жүргізуші заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

“Транзит” шарасы барысында арнайы тұраққа 25 көлік қойылды. Жалған құжаттар бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ көлікті құжатсыз және жүргізу құқығы жоқ адамның басқарғаны және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару және сатып алу мәселелері бойынша ниет білдіргендер жұмыс күндері “қауырт желінің” телефондарына: 8 (7152) 61-25-42, 8 (7152) 32-00-22 хабарласуға болатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру