Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тауарды несиеге рәсімдеп беремін”: шымкенттіктің млн теңгесін иемденіп кеткен әйел ұсталды

Шымкенттіктің миллион теңгесін иемденіп кеткен алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада Еңбекші АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел тауарлық несиені ақшаға айырбастап беремін деп сеніміне кіріп, миллион теңге несие рәсімдеп, оны заңсыз иемденіп алғандығын көрсетті.

Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда аталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 199-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тәркеліп, тергелуде. Ұсталған азаматшаның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру