Ақмолалық полицейлер зират басынан жасалған ұрлықтың бетін ашты
Бурабай ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Щучинск қаласының 53 жастағы тұрғынынан 14-16 мамыр аралығында белгісіз адам еркін қол жеткізу арқылы зираттан металл қоршауларды ұрлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Полицейлердің ақпараты бойынша, жәбірленуші ата-анасының қабіріндегі қоршауды ауыстырған. Ол ескі темір қоршауды жақын жерде қалдырды, қайтып оралғанда жоқ болып кеткенін аңғарған.
Тәртіп сақшылары жаңа қабірлерді анықтап, онда кім жұмыс істегенін анықтады, кейін барлық жалдамалы жұмысшылардан сұрақ-жауап алды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер екі тұрғынды анықтады. Олардың бірі 34 жастағы жергілікті тұрғын. Қазіргі кезде оның осы қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.