Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тәртіп сақшылары ұрыны қылмыс орнында ұстады

Ақмолалық тәртіп сақшылары ұрыны қылмыс орнында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аршалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары газоблоктарды ұрлаған күдіктіні оқиға орнында ұстады. Ұрлықты ашуға учаскелік инспекторларға қылмыс туралы дер кезінде хабарлаған азаматтардың қырағылығы көмектесті. Келтірілген шығын сомасы 780 мың теңгені құрады.

14 шілдеде Жібек-жолы ауылдық округінің учаскелік инспекторы Бекзат Туляповке Жібек Жолы ауылында белгісіз ер адам салынып жатқан нысанның аумағынан газоблоктарды ұрлауға тырысып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Учаскелік инспекторлар Бекзат Туляпов, Серік Сыздықбай және Нұрым Мұхамедин оқиға орнына дереу шығып, газоблоктарды манипуляторға тиеген 28 жастағы Жібек-Жолы азаматын ұстады. Қаскүнем жүкті тасымалдау үшін көлікті жалдаған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру