Ақмолалық тұрғын жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
Ақмолалық тұрғын жанжал кезінде пышақ жарақатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қазанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы қызметкерінің көпсалалы облыстық ауруханаға 51 жастағы көкшетаулық «сол жақ жамбастың шаншылған-кесілген жарасы, алкогольдік мас болу» диагнозымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды.
2 қазан күні сағат 01:30 шамасында жәбірленуші мен облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны арасында кафенің бірінде жанжал орын алғаны белгілі болды. Жанжал кезінде ер адам қарсыласының аяғына пышақ жарақатын салған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.