Ақмолалық тұрғынның 4,6 млн теңгеден астам сомаға жеке мүлкін қолды еткендер құрықталды
Ақмолалық тұрғынның 4,6 млн теңгеден астам сомаға жеке мүлкін қолды еткендер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 маусым күні Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан ұрлық дерегі туралы арызы келіп түсті.
Ер адам Қоянды кентінде салынып жатқан тұрғын емес үйдің аумағынан 10-15 маусым аралығында беймәлім адамдар жалпы сомасы 4 млн 627 мың теңгеге металл қалыптар мен тіректерді ұрлап кеткенін хабарлады.
Осы дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтады.
Жедел уәкілдер бұрын жер учаскесінің аумағына ГАЗель маркалы автокөлік бірнеше рет келгенін және жәбірленушінің мүлкі ұрланғанын анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.