Ақмолалық жылқышы біреудің жылқыларын қолды қылған
Ақмола полицейлері біреудің малын ұрлаған жылқышыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 23 ақпанда Зеренді ауданының ПБ кезекші бөліміне Красный Кордон ауылының 82 жастағы тұрғынынан белгісіз біреулердің 2021 жылдың ақпан айының басында үйірден бие мен құлын ұрлағаны туралы арыз келіп түсті. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асады.
Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. 48 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Ол ұрлық кезінде уақытша жылқышы болып жұмыс істеген.
Тергеу амалдары жүргізілуде.