Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары біреудің шөбін ұрлаған күдіктіні құрықтады

Қызылорда қаласында біреудің үйіне заңсыз кіріп, дүние-мүлкін ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының 23 күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына ұрлық фактісі бойынша арыз түсті. Арызданған азаматша 16-22 ақпан күндері аралығында белгісіз біреулердің үйінде ешкімнің болмағанын пайдаланып, үйге пластик терезені сындырып кіріп, су моторын және қорасындағы 300 тең шөбін алып кетіп, 250 мың теңге көлемінде залал келтіргенін көрсеткен.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті 47 жастағы қала маңындағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұрлыққа түскен азамат мотор мен  шөпті көлігіне тиеп алып кеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру