Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Қызметтік қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылордада қызметтiк қаруды тiркеу тәртібін бұзған мекемеге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының аумағында қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында “Қызметтік қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 

Аталмыш іс-шара басталғалы 10 инкассация қызметі және 47 күзет ұйымының қызметтік қаруды сақтау заңдылығы тексерілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабымен (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бір құқық бұзушылық анықталып, құқық бұзушылыққа жол берген мекемеге 87 мың 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.

– Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында облыс көлеміндегі банктердің инкассация қызметтері, “Казпошта” акционерлік қоғамы және күзет ұйымдарының қызметтік қаруды сақтау заңдылығына тексеру жұмыстары жүргізіледі. Іс-шара 5 наурызға дейін жалғасады, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру