Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоланың бас полицейі елорда маңындағы аудандарға барып қайтты

Ақмоланың бас полицейі елорда маңындағы аудандарға барып, жеке қабылдау барысында облыс тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Думан Таев елорда маңындағы аудандарда болып, Аршалы, Целиноград, Ерейментау полиция бөлімдері мен Қосшы қаласының ПБ жеке құрамымен кездесті. Жұмыс сапары барысында ақмолалық бас полицей аумақтық бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуымен және жағдайымен танысты.

Думан Әшкенұлы Аршалы аудандық полиция бөлімінің ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететінін атап өтті.

Полиция ведомствосының басшысы қызметтік автокөліктерді қарап шығып, әрбір автокөліктің жай-күйін, сыртқы күйін және өрт сөндіргіштердің болуын, авариялық тоқтату белгілерінің бар-жоғын, азаматтарға көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жарақтандырылғанын тексерді. Аумақтық бөлімшелерде кеңестер өткізілді, онда 5 айдағы жедел-бақылау қызметінің қорытындылары шығарылды. Кеңеске аудан және Қосшы қаласының әкімдері: С. Балпан, А. Оспанбеков, Е. Әлжанов, К. Қасенов қатысты.

Аймақ полиция департаментінің бастығы Ақмола тәртіп сақшыларының жұмысының басым бағыттары Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау, алдын алу жұмыстары, сондай-ақ қылмыстың жолын кесу бойынша қызметті жетілдіру болып қала беретінін атап өтті.

Думан Әшкенұлы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүргізушілердің көліктік тәртібін арттыруға, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, "2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау" ведомстволық бағдарламасының орындалуына, мал ұрлығының алдын алуға ерекше назар аударды.

- 2022 жылды Мемлекет басшысы "Балалар жылы" деп жариялады. Балалар - біздің болашағымыз, бұл қоғамның ең қорғалмаған бөлігі. Біздің кішкентай азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету - біздің алдымызда тұрған бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алу, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейту қажет, - деп атап өтті ол.

Аудандық полиция бөлімдерінде азаматтарды жеке қабылдау өтті. Ақмоланың бас полицейіне қабылдауға келу мүмкіндігіне әр адам ие болды. Ақмолалықтар өздерін қызықтыратын түрлі сұрақтар қойды.

Аршалы ауданындағы қабылдауда Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі Қанат Бегайдарұлы Қанафин Жібек Жолы кентіндегі кенттік полиция бөлімінің ашылуына көмек көрсетуді және учаскелік инспекторларға қосымша қызметтік автокөлік бөлуді сұрады. ПД бастығы бұл мәселені шешуге көмектесуге уәде берді.

Аршалы кентінің тұрғыны жүк автокөліктері жергілікті тұрғындарға балалармен серуендеуге шығуға қолайсыздық тудыратынын айтты. Тимур Балабекұлы Аршалы АПБ қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын, ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салатын жол белгілерін қойылғанын атап өтті. Ол осы бағыттағы бақылауды күшейтуді сұрады. Сонымен қатар, Т.Б. Абасмирзоев қызметкерлерге туыстарына қатысты жасалған қарақшылықты жедел ашқаны үшін алғысын айтты.

Целиноград ауданындағы қабылдауда Қараөткел ауылының тұрғындарын толғандыратын сұрақтармен ақмола полициясының басшысына Қараөткел ауылдық округі қоғамдық кеңесінің төрағасы, жергілікті қоғамдастықтың белсендісі Динара Бигелдіқызы жүгінді. Оның айтуынша, Қараөткел ауылында 30 мыңнан астам тұрғын тұрады. Халық санының өсуіне байланысты учаскелік полиция инспекторларының, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың штат санын ұлғайту қажет. Бейнебақылау камераларын орнату-жергілікті тұрғындарды қызықтыратын тағы бір мәселе. Белсендінің айтуынша, балалар алаңдарының құрылысы жүріп жатыр, ал камералар олардың тәртібін бақылауға көмектеседі. Қараөткел ауылынан шығу жолында бағдаршам орнату-тағы бір өзекті мәселе. Департамент бастығы бағдаршам объектісін орнату мүмкіндігін зерделеуді тапсырды. Д. Абдрахманова сот-медициналық сараптамадан өтудегі қиындықтар туралы айтып берді. Барлық айтылған сұрақтарды полиция генерал-майоры Д Таев бақылауға алды.Ерейментау ауданындағы қабылдауда жергілікті тұрғын АПБ қызметкерлерінің атына алғыс сөздерімен жүгінді. Людмила Юрьевна базарда орналасқан контейнерден ұрлық жасалғанын айтты. Жедел уәкілдердің кәсібилігі мен шебер әрекеттерінің арқасында қаскүнем "ізі суымай" табылған. Тағы бір жергілікті тұрғын 1947 жылы туған қарт әжесінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына көмек сұрады. Бұл сұрақ оңынан шешіліп, Сара Лагутина ҚР азаматының паспортын алды.

Қосшы қаласында азаматтарды жеке қабылдау қала әкімі Г. Қасеновпен бірге өтті. Қалалықтар ПД бастығына қала мектептерінің бірінің және балабақша жанында бағдаршам орнату мен жасанды бөгет төсеу мәселесі бойынша жүгінді. Думан Әшкенұлы Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлеріне жақын арада Қосшы қаласында көше-жол желісіне тексеру жүргізуді тапсырды.

Ақмола облысының бас полицейіне жеке қабылдауға барлығы облыстың 16 тұрғыны жүгінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру