Ақмоланың бас полицейі облыстың үш ауданына барып қайтты
Ақмоланың бас полицейі облыстың үш ауданына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің бастығы бірден облыстың үш шалғай ауданына барды: Жарқайың, Есіл және Жақсы. Д.Таев аудандық бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуымен, ғимараттардың, көліктердің жай-күйімен танысты. Уақытша ұстау изоляторларын аралап, заттай дәлелдемелерді сақтау бөлмелерін тексерді. Жұмыс үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сапар барысында облыстық департамент бастығы кеңес өткізді, онда 6 айдағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды. Думан Әшкенұлы жеке құрамға жұмысқа деген талаптарын жеткізді, оларды міндеттерін сапалы орындауға бағыттады. Ақмола полициясының басшысы қызметкерлердің қызметін реттейтін бұйрықтарды білуге ерекше назар аударды.
Кездесу барысында қатысушыларға ішкі істер министрі М.Ахметжанов қойған міндеттер жеткізілді.
Думан Таев аудандық бөлім басшыларына жеке құрамның жауынгерлік дайындығын тұрақты бақылауда ұстауды, қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыруды, қылмыстық істерді электрондық форматта тіркеуді және тергеуді қамтамасыз етуді тапсырды.
– Қызмет атқару кезінде жеке құрам құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын басшылыққа алуы тиіс. Кәмелетке толмағандардың өздеріне қатысты, оның ішінде олардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы жасалған «жасөспірімдер қылмысы» мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді талап етемін, – деп атап өтті ПД бастығы.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше бақылауда: көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдарға қатысты мақсатты жедел-профилактикалық іс-шаралар мен рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуге, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша және ЖҚЕ жолын кесуде қатаң профилактикалық жұмыс жүргізуге шақырды.
Кездесу барысында «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен облыстық департамент бастығы Жарқайың, Есіл аудандарының әкімдерін, Жақсы АПБ бастығы Данияр Ишамбековты, сондай-ақ отставкадағы полиция полковнигі А. Т. Жапаровты марапаттады. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесі жұмысына қосқан еңбектері, жас қызметкерлерді патриотизм рухында тәрбиелеуде, олардың кәсіби шеберлігін арттыруда еңбектері үшін қазақстандық ІІО және ҰҰ ардагерлер Кеңесінің Құрмет грамотасымен отставкадағы полиция подполковнигі У.Сатыбалдинов марапатталды.
Әр ауданда Думан Таев азаматтарды жеке қабылдады. Жарқайың ауданында жергілікті телеарнаның бас директоры Еркен Ғалымұлы Сыздықов қабылдауда Жарқайың ауданы полиция бөлімінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселесінде ынтымақтастық бастамасын көтерді. Тағы бір жергілікті тұрғын, кәсіпкер Василий Викторович АПБ жанында орналасқан ғимараттың жанында тұрақ ұйымдастыру туралы мәселені көтерді.
Есіл ауданында жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлеріне алғыс сөздерімен Есіл қаласының тұрғыны жүгінді. Людмила Петровна оның алкогольді асыра пайдаланған ұлымен проблемалары болғанын айтты. Есіл АПБ қызметкерлері көмек көрсетіп, ер адамды мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне емделуге жіберген.
Двуречное ауылының тұрғыны Зубира Әбілдінқызы қабылдау барысында полицияда қызмет еткісі келетін екі ұл тәрбиелеп отырғанын айтты. З.Сақтапбергенова ұлдарын Есіл АПБ-на жұмысқа орналастыруға көмектесуін сұрады.
Жақсы ауданында қабылдауға Ишим ауылының тұрғыны Нұрлан Мұхамбетжанов жүгінді. Ер адам осы жылдың маусым айында гаражынан ұрлық жасалғанын айтты. Оның көлігінен құжаттар мен ақша ұрланған. Ауыл тұрғыны ұрлықты жедел ашқан қызметкерлерді көтермелеуді сұрады.
Жақсы ауылының тұрғыны аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ер адамның айтуынша, ол жалғызбасты 89 жастағы зейнеткер көршісіне көмек сұраған. АПБ қызметкерлері қарт әженің ауласын тазалауға көмектесті. Ауыл тұрғынының айтуынша, ол бұл жұмысты жалғыз өзі шеше алмас еді.