Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамнан есірткі табылды
Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамнан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамызда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде жергілікті тұрғынды ұстады.
Жоғарыда аталған адамның пәтеріне тінту жүргізу кезінде марихуана өсімдігі бар горшок, гашиш есірткісінің үш түйірі табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар басқа мекенжайдағы жалдамалы пәтерде гашиш есірткі заты бар екі түйір және «марихуана» есірткі затының тұқымы бар целлофан түйіні табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Кінәліге қатысты кінәнің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.