Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жүргізуші куәлігінен айырылған әйелді тоқтатты

ШҚО полицейлері жүргізуші куәлігінен айырылған әйелді тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының испекторлары түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде жеті жылға көлік басқару құқығынан айырыла тұра мас күйде  рөлге отырған 40 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Kia автокөлігін тоқтатты.

Медициналық куәландыру актісінің қорытындысына сәйкес көлік тізгініндегі әйел адам “жеңіл дәрежеде” алкогольдік масаң күйде болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру