Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда бұзақылық жасаған жасөспірімдер жауапқа тартылды

Екібастұзда бұзақылық жасаған жасөспірімдер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамызда Екібастұз қаласындағы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде Екібастұз қаласының “Өнер” қалалық мәдениет алаңында орналасқан спорттық ғимараттан секіріп, сындырған видео жарияланды.

– Бұл фактіні ювеналды полиция қызметкерлері пысықтады. Барлық қатысушылар, кәмелетке толмағандар анықталды. Заңды өкілдерге қатысты ҚР ӘҚБК 435-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласының Жергілікті полиция бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция кәмелетке толмағандар мен заңды өкілдердің мінез-құлқы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатынын атап өтті.

Кәмелетке толмағандар сынған спорттық құрылымды өз қолдарымен қалпына келтіруге мәжбүр болды.

Айта кету керек, жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 816 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алтауы кәмелетке толмағандар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру