Ақтауда ер адамнан қару-жарақ тәркіленді
Ақтауда ер адамнан қару-жарақ тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 шілдеде Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен сағат 20:40 шамасында Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 23 жастағы азаматтың барсеткасын жеке тінту кезінде жауынгерлік тапаншаға ұқсас зат табылды. Kia Sportage көлігін тексеру кезінде 60 дана РАК маркалы 9 мм патрон тәркіленді.
Бұдан әрі, ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жатын бөлмесіне тінту жүргізу барысында бір атаусыз травматикалық тапанша, 720 РАК 9 мм, 40 Барнаул, 30 Гром, 12 калибрлі 6 “10Х24” деген жазуы бар 18 патрон тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Күдіктіге қатысты тиісті мінез-құлық туралы жазылу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ жоғарыда аталған автокөлік құралы айыптұраққа қамалды.