Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер іздеуде жүрген үш қылмыскерді ұстады

Өткен тәулікте Ақмола полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскердің орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қатысушылардың бірін Ресей Федерациясының Челябі облысы бойынша ФҚҚ қызметкерлері РФ ҚК-нің 322-бабының 2-бөлігі (Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеуде болған. Оны полицейлер Көкшетау қаласының аумағында анықтады.

Ақмола облысының тумасы, басқа қылмыскердің орналасқан жерін полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жарқайың ауданының аумағында анықтады.
Ұсталған адам бұрын ҚР ҚК-нің 106-бабы, 1-бөлігі (Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша істі болған.
Сот қаулысына сәйкес, ол қалған мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Алайда тұрғылықты жері бойынша белгіленуге келмей, Астана қаласына кетіп қалғандықтан, іздестіруге жарияланған. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар Степногорск аумағында полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрған қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру