Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кездесу өтті

Ақмола облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 шілде күні Ақмола облысы полиция департаментінің ғимаратында Ақмола облысы полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Серік Әбутәліпов және Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ельдос Рамазанов төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары жол қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау үшін жиналулары бірінші рет емес. Іс-шараға облыс аумағында автожолдарды күтіп ұстауды жүзеге асыратын жол ұйымдары және департамент басқармаларының басшылары қатысты.

Жиналысқа аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бейнеконференц байланысы арқылы қатысты.
Осылайша, проблемалық мәселелерді талқылауға өңірдің барлық мүдделі ведомстволарының өкілдері қатысты.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өте маңызды және өзекті мәселе екендігін атап өтті.

– Қабылданған шаралар кешенінде 2023 жылдың 6 айында ЖКО саны 82 дерекке азайды, жарақат алғандар саны 98 адамға азайды. Алайда, полицияның белсенді қабылдаған шараларына қарамастан, өкінішке орай, қаза тапқандар саны бойынша 2 адамға өскен. Жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітіммен болған ең күрделі жағдай Бурабай ауданының аумағында тіркелген. Сондай-ақ Целиноград ауданында Екатеринбург – Алматы автожолында көптеген ЖКО деректері бір жерлерде орын алып жатыр, – деді жұмыс кеңесінің қатысушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полицейлердің атқарып жатқан жұмыстары туралы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ержан Қошқарбаев.

Сондай-ақ ол жолдарда жол белгілері жоқ, шу жолақтары орнатылмаған, дегенмен бұл кемшіліктерді жою үшін бірнеше рет нұсқаулар жіберілген.

– Аудандық маңызы бар автожолдарда іс жүзінде бүкіл облыс бойынша асфальт жабыны жоқ, шаруашылық маңызы бар далалық жолдар туралы және аудан орталықтары болып табылмайтын елді мекендердің көше-жол желісі туралы айтпағанда, мұндай кенттердің тұрғындары кеңес заманында, шамамен 40-50 жыл бұрын салынған асфальтпен ғана қанағаттанатындарына баса назар аударды, – деді Ержан Қошқарбаев.

Жиналғандардың алдында “Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ басшысы Владимир Кулаков сөз сөйледі. Ол өңірдегі автожолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы айтты.

Сондай-ақ кеңеске “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Думан Калабиев, “Қазақавтожол” ЖШС Ақмола облыстық филиалы директорының м.а. Нияз Садықов, “Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы” филиалының бас инженері Александр Григорюк қатысты.

Кеңеске қатысушылара а. ж. өткен жарты жылдағы жұмыстың қорытындысын шығарды, осы кезеңдегі авариялық және жол жарақаттарының жай-күйін, сондай-ақ олардың себептерін талқылады, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында қабылданып жатқан шараларды қарады.

– Егер сізге жолдағы кемшіліктерді жою үшін полицейлер жүгінсе, сіз дереу әрекет етуіңіз керек, өйткені олар өз ісінің маманы және олар не туралы сөйлесетінін және өз нұсқамаларында жазатынын біледі. Олар біздің азаматтар жүретін жолдарды зерттейді. Әрине, барлық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес, бірақ барлық проблемалық міндеттерді басымдықтар бойынша шешу керек, қойылған барлық сұрақтар мен сізге жіберілген нұсқамаларды елемей, олардың орындалуын кешіктірмеу керек, – деп қорытындылады .Ержан Қошқарбаев.

Кеңес Поңында полиция департаменті бастығының м.у.а. баршаға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, одан әрі ынтымақтасуға үміт білдірді және полицейлердің, жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдары қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен ғана жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру