Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда келушілерге боди-массаж қызметін ұсынған спа-салон анықталды

Ақтауда келушілерге боди-массаж қызметін ұсынған спа-салон анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 18 шілде күні Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері спа-салонды анықтады. Онда Ақтау және Ақтөбе қалаларының 21 және 23 жастағы екі қызы келушілерге боди-массаж қызметін ұсынған.

Жедел уәкілдер салонның ұйымдастырушысын да анықтай алды. Ол Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда және кінәліге қатысты түпкілікті шешім оның нәтижелері бойынша қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру