Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда мас күйде көлік жүргізу фактісінің жолы кесілді

Ақтауда мас күйде көлік жүргізу фактісінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару фактісін анықтады.

Полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдады. Құқық бұзушы анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Ол Ақтау қаласының 22 жастағы тұрғыны Дмитрий Окунев болып шықты.

Жасаған құқық бұзушылығы үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Құқық бұзушылықтың салдары жойылды.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. “Заң және тәртіп” қағидаты баршаға ортақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру