Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда қылмыс саусақ іздерінің көмегімен ашылды

Ақтау қаласында қылмыс саусақ іздерінің көмегімен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 7 тамызы күні сағат 19:40 шамасында Ақтау қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінді. Әйелдің айтуынша, оның көлігінен сөмке ұрланған. Белгілі болғандай, жәбірленуші көліктің терезесін жабуды ұмытып кеткен, ұры сол сәтті пайдаланып үлгерген.

Жедел жұмыстың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Саусақ іздерінің көмегімен қарақшыны орнату мүмкін болды.

Ұсталған адам жасаған әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру