Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жиын өткізілді

Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы әкімдігінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жиын өтті. Қала әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен шараға қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, аналар кеңесі және полиция қызметкері қатысты.

Жиын барысында қоғамдағы отбасының рөлін күшейту және қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі талқыланды. Зорлық-зомбылықтың себептерін зерделеп, қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы айтылды. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали тұрмыстық зорлық-зомбылықпен полиция қызметкерлерімен қатар барлық қоғамдық институттар бірлесіп күресу қажет екенін айтты.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен полиция қызметкерлері мен барлық қоғамдық институт бірлесіп күресу қажет. Зорлық-зомбылықтың зардабын тартып жүрген әйелдер көмек бар екенін білуі қажет. Осы бағытта психолог мамандар да жүйелі жұмыстар жүргізгені жөн, – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.

Ақтау қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторының м.а. Роза Жантуардың айтуынша, жыл сайын республика көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған 2023 жылы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында “Зорлық – зомбылықсыз 16 күн” акциясы өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру