Ақтауда жазасын өтеушілердің жұмыс орындары тексерілді
Ақтауда жазасын өтеушілердің жұмыс орындары тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 мекемесінде жазасын өтеушілердің жұмыс орындары тексерілді.
Айта кету керек, сотталғандар Ақтау қаласы аумағында орналасқан ұйым, өндiрiстерде келісімшарт бойынша жұмыс жасайды. ГМ-172/8 мекемесінің САТжӘПЖББ жасақ бастығы А.Ақпанбет жазасын өтеушілерге жұмыс орындарын өз бетінше тастап кетуге, тыйым салынған заттарды қолдануға болмайтыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жасақ бастығы – сотталғандарды түзеу процесін ұйымдастырудағы басты тұлғалардың бірі. Ол сотталушыдан туындайтын барлық мәселелерді тұрмыстық және әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан шешуі керек. Ол жұмысты басқа қызметтермен тығыз байланыста орындауы керек.
А.Ақпанбет жұмыс орнында алкогольдік, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін зат пайдаланбауын, жұмыс орнынан мекемеге кешікпей келуін айтып түсіндірді.