Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда абақтыдан шыққан ер адамға қақпа алдында кеңес берілді

Маңғыстауда абақтыдан шыққан ер адамға қақпа алдында кеңес берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы Б. жаза мерзімі аяқталғаннан кейін мекемеден босап шықты.

Сотталғанның туыстарымен “Қақпа алдында кездесу” шарасы ұйымдастырылып, сотталғанның туыстары қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы А. Ақпанбет қатысып, профилактикалық сұхбаттар жүргізді. Ол сотталғанға құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Туыстары мекеме қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру