Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда жүргізуші куәлігін заңсыз алып бермек болған алаяқ ұсталды

Ақтауда жүргізуші куәлігін заңсыз алып бермек болған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтау қаласының тұрғыны Telegram әлеуметтік желісі арқылы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кіріп, кейін уәдесінде тұрмаған алаяқтың құрығына түсіп қалған. Азаматша бұл дерек бойынша полицияға арызданды. Белгілі болғандай, арам ойын іске асырмақ болған күдікті жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде қаржы жымқырған.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басы анықталды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері маңғыстаулықтарды аса сақ болуға және желі алаяқтарының құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру