Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есірткі қылмысының 26 фактісі анықталды

Маңғыстау облысында “Дәрмек” іс-шарасы барысында есірткі қылмысының 26 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

“Дәрмек” іс-шарасының мақсаты – есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау. 5-9 қыркүйек аралығында жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері есірткі бұзушылықтарының 26 фактісін анықтады.

Атап айтсақ, оның ішінде төрт факт есірткі заттарын өткізу, ол үшін ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Тағы екі дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру бойынша және тағы бір дерек ҚР ҚК-нің 303-бабы бойынша есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, ҚР ҚК-нің 296-бабы 2,3-бөліктерінде көзделген 19 қылмыс дерегі тіркелді.

Сонымен қатар, заңсыз айналымнан полицейлер 1,5 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары жеті нысанды, оның ішінде 3 медициналық және 5 өнеркәсіптік нысанды тексерді.

Іс-шара барысында психотроптық заттар мен прекурсорлардың есірткі құралдарының заңды айналымы саласында 8 әкімшілік құқық бұзышылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру