Ақтаулық тұрғыннан апиын есірткісі тәркіленді
Ақтаулық тұрғыннан апиын есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды
20 тамыз күні сағат 21:50 шамасында Маңғыстау облысы ПД-нің қызметкерлерімен “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Ақтау қаласы 19 шағын ауданынан 36 жастағы азамат ұсталды. Жеке басын тінту жүргізу барысында апиын есірткі затына ұқсас зат анықталды. Одан әрі күдіктінің пәтеріне тінту жүргізу кезінде 8 пакетке оралған апиын есірткісіне ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.