Ақтөбе облыстық ҚАЖ департаментінде жеке құрамның саптық дайындығы тексерілді
Ақтөбе облыстық ҚАЖ департаментінде жеке құрамның саптық дайындығы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметкерлердің саптық түзеуін айқындау мақсатында, сондай-ақ жазғы нысанды киім киюге көшуге байланысты Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесінде жеке құрамның саптық тексерісі өтті.
ҚАЖ қызметкерлерінің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі – белгілі уақыт негізінде өткізіліп отыратын саптық тексерулер. Олардың барысында қызметкерлердің саптық дайындығы, сыртқы келбетінің белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Шара барысында қызметкерлердің нысанды киім кию ережелерін сақтауы, олардың қызметтік куәліктері мен погондары талаптарға сай болуы, сонымен қатар жұмысқа дайындығы тексерілді.
Аталмыш саптық тексерулер саптық мәдениетті арттыруға ықпал етеді, жұмыс тәртібін нығайтуға, ұйымдастыруға және жеке құрам арасында тәртіпті қатаң сақтауға септігін тигізеді.